Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде жарақат алған әскери қызметкер Ерлан Қырғызәлиев қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік таратқан ақпаратқа сүйенсек, 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаты салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болған.
Ол оқ-дәрі сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі.
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан қайтыс болғандар саны 16 адам болды, тағы бір адам іздестіріліп жатыр.
Жарылыстан қаза тапқандардың толық аты-жөні:
Ефрейтор Р.С.Жанболатов – 40 жаста
Сержант М.С.Мершімбай – 40 жаста
Старшина Е.Е.Нәдірбеков – 41 жаста
Азаматтық қызметкер О.Д.Дәлібаев – 59 жаста
Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры А.Қ.Қапезов – 44 жаста
Сержант-өрт сөндіруші А.С.Темірболатов – 28 жаста
Полковник М.К.Айманов – 45 жаста
Подполковник А.Н.Микропуло – 50 жаста
Сержант, аға өрт құтқарушысы Е.Қ.Сандыбаев – 30 жаста
Сержант, аға өрт құтқарушысы Т.Қ.Төребеков – 40 жаста
Майор С.Ж.Әлімбеков – 36 жаста
Майор, қарауыл басшысы С.В.Заикин – 41 жаста
Аға сержант, жүргізуші Г.Ж.Қуатбек – 26 жаста
Кіші сержант, өрт құтқарушысы Ә.Қ.Әділбек – 25 жаста
Қатардағы өрт сөндіруші Ә.Б.Кеңес – 22 жаста
Пікір қалдыру