Денсаулық сақтау министрлігі 7 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 3639 адамнан коронавирус, 342 адамнан пневмония анықталған. 6 қыркүйектегі 72 адам коронавирустан, 10 науқас пневмониядан көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 824 118-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 71 646.
8 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 87 015 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 18 333 пациент стационарда, 68 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
1377 адамның жағдайы ауыр, 378 пациенттің жағдайы өте ауыр, 197 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бүгінде коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта Түркістан облысы тұр.
"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары бар.
Ал "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары бар.
7 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 928 646 адам, 2-компонентін 5 755 817 адам салдырған.
Пікір қалдыру