Джо Байден: Ресей, Иран мен Қытай тәліптермен келісімге келуге тырысады

/image/2021/09/08/crop-30_12_652x1159_b6caedc1-6094-4340-9533-09e24bf338b1.jpeg

АҚШ президенті Джо Байден Ресей, Иран және Қытай тәліптермен  келісімге келуге тырысатынын айтты, деп хабарлады Reuters ақпарат агенттігі.

– Пәкістан, Ресей, Иран сияқты Қытай да тәліптермен келісімге келуге тырысады.  Олардың бәрі қазір не істеу керектігін шешуге кірісіп кетті, – деді Байден.

Жақын арада Ауғанстанның жаңа үкіметі жұмысқа кірісетінін хабарлады. Ресей мен басқа да бірқатар елдер радикалдық қозғалыс өкілдерінен Ауғанстанның жаңа үкіметін таныстыру рәсіміне шақырту алды.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей Ауғанстанның жаңа үкіметін жариялау рәсіміне қатысуға дайын екенін айтты.

Еске сала кетейік, Ауғанстандағы жағдай 2021 жылдың мамырында америкалық әскерлерді шығару басталғаннан кейін шиеленісе түсті. Талибан өкілдері елдің ірі қалаларына шабуыл бастап, 15 тамызда Кабулға кіріп, соғыстың аяқталғанын хабарлады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар