Вице-министр жалған вакцина паспортын жасағандарға қатысты пікір білдірді

/image/2021/09/08/crop-123_5_842x1123_2020_12_28_ce2d6081f5d7ad08bd62854ffff21551_original.118021.jpeg

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жалған вакцина паспортын жасаған медицина қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

– Денсаулық сақтау министрлігі бірінші кезекте халықты иммундауды сапалы жүргізуге мүдделі. Сондықтан ондай олқылықтардың жолын барынша қатаң түрде кесуіміз керек. Өздеріңіз білесіздер, Ішкі істер министрлігімен бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Өңірлердің бәрінде дерлік жалған вакцина паспортын жасаған медицина қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, – деді Шоранов. 

Вице-министр вакцина паспортын заңсыз жолмен сатып алу әрекеттерімен әлі де күрес жүргізілетінін атап өтті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар