Қазақстанда бір тәулікте 4106 адамнан коронавирус анықталды

/image/2021/09/09/crop-85_13_632x842_0c53b8fc-1af3-4309-ba0c-c61e330b4952.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігі 9 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 4106 адамнан коронавирус, 302 адамнан пневмония анықталған. 7 қыркүйектегі 72 адам коронавирустан, 14 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 828 224-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 71 948.

9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 84 262 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 17 749 пациент стационарда, 66 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1390 адамның жағдайы ауыр, 346 пациенттің жағдайы өте ауыр, 197 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бүгінде коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта Түркістан облысы тұр.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары бар.

Ал "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары бар.

9 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 969 069 адам, 2-компонентін 5 795 901 адам салдырған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар