Қазақстанның бір қаласында карантин күшейтіледі

/image/2021/09/09/crop-21_11_1802x2403_041242417200.jpg

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Абдиманап Тулебаев карантин шараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

"Карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу жөніндегі шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын" делінген бас санитар қаулысында. 

Сонымен қатар аталған құжатқа сай:

  • адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі;
  • қоғамдық орындарға және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барлық кезде, сондай-ақ, ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану қатаң сақталуға тиіс;
  • банкет залдарының жұмысына және қоғамдық тамақтану объектілерінде және басқа да орындарда еске алу, құдалық, беташар, той, туған күн, шығарып салу, құдалық сынды шаралар өткізілмеуі керек.

Қаулы 10 қыркүйектен бастап күшіне енеді. 

Қаулының толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар