Денсаулық сақтау министрлігі 13 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 3088 адамнан коронавирус, 54 адамнан пневмония анықталған.
11 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 57, пневмониядан 13 адам көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 842 587-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 72 796.
13 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 78 512 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 16 345 пациент стационарда, 62 167 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары
"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы ғана.
Елде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 087 994 адам, 2-компонентін 5 906 080 адам салдырды.
Пікір қалдыру