Шымкент қалалық қан орталығында акция ұйымдастырылды тұрақтайтын жері жоқ

/image/2021/09/14/164440103000.jpg

«Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!». Шымкентте Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай осындай атаумен арнайы акция өтті. Оған жүзге жуық қала жастары қатысып, игі іске үлек қосты. Шараны «Жастар ресурстық орталығы» мен Шымкент қалалық Қан орталығы бірлесіп ұйымдастырған.

Дәрігерлер донор болып келген жастарға бір тамшы қанның өзі өзгенің өмірін сақтап қалуда маңызды екенін түсіндірді. Қан тапсыру денсаулыққа ешқандай да кері әсері жоқ екенін айтты. Жалпы жыл өткен сайын елімізде донорлар саны да артып келеді екен. Ал, бүгінгі шараның басты мақсаты өзге де жастар мен қала тұрғындарын игілікті іс жасауға шақыру ,дейді ұйымдастырушылар.

Бұл іс-шара бірінші емес, үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бір донордың өзі үш адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндігі бар. Сол себеппен осы жаңа оқу жылын осындай қайырымды іспен бастадық. Бұл жолы іс-шараға студенттер ғана емес, сонымен қатар мәдениет, спорт салаларынығ қызметкерлері мен төтеншеліктер де қатысты.

Аталмыш акцияға мәдениет , спорт, ұстаздар қауымы мен рухани жаңғыру орталығының мамандары,жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастары, волонтерлер мен белсенді жастар жалпы саны 100-ге жуық адам қатысты. Олардың арасында алғаш келгендері де бар. Дәрігерлер қан тапсыруға неиеттініп келген жастардың денсаулығын тексеріп сосын барып ұрықсат берді. Қаладағы қан орталығында заманау құрылғылар келушінің донор болуға жарамды екенін әп сәтте тексеріп береді. Және ол адам денсаулығына қауіпсіз, дейді ақ халаттылар.

Айта кетейік, қан тапсыру шарасы әр үш ай сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын болды. Жастар өзгелерді донор болып , өзге жандарға өмір сыйлауға шақырды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар