Өткен тәулікте елде 2930 адам коронавирус жұқтырған

/image/2021/09/15/crop-15_35_554x985_1631066612a6pxf_1000x768.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі 14 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2930 адамнан коронавирус, 302 адамнан пневмония анықталған.

13 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 64, пневмониядан 13 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 848 318-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 73 122.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 160 12
адам, 2-компонентін 5 982 331 адам салдырған.

15 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 75 685 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 14 335 пациент стационарда, 61 350 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 136 адамның жағдайы ауыр, 350 пациенттің жағдайы өте ауыр, 198 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар