Ауғанстанның Гильменд провинциясының жаңа губернаторы Талиб Мавлави шетелдіктерге қарумен емес ақшамен келуі керек екенін айтып, ескерту жасады. Ол келушілерді үстеліндегі мылтықпен қарсы алады.
Губернатор Батыс елдеріне, оның ішінде НАТО мүшелеріне Тәліптерді Ауғанстанның заңды көшбасшылары деп мойындауды талап етті. "Содан кейін келіңдер, бірақ қарумен емес, ақшамен" дейді ол.
–Біз шайқаста бір-бірімізбен кездестік, бір-бірімізді білмедік. Енді біздің үкіметті мойындасаңдар, бізді көндіріп, бізді бақытты ете аласыңдар,–деді Мавлави.
Талибан Гильмендтің астанасы Лашкар Гарды бақылауға алған соң, жиырма жыл ішінде алғаш рет соғыс тоқтады.
Ауғанстанның көп бөлігі сияқты, Гильменд экономикалық құлдырау алдында тұр. Елдің барлық губернаторлары шетелдік үкіметтерді гуманитарлық және қаржылай көмектесуге шақырады.
–Халықаралық қоғамдастық бізге гуманитарлық көмек көрсетуі керек және білім, бизнес пен сауданы дамытуға назар аударуы керек. Халықаралық қауымдастық бейбіт тұрғындары қолдаған елдерге көмектеседі. Біз қауіпсіздікті қамтамасыз еттік, бізді халық қолдайды, сондықтан олар бізге көмектесіп, біздің үкіметті мойындауы керек,–деді губернатор.
Пікір қалдыру