BBC: Екі қанатты зымыран Жапонияға қарай атылды

/image/2021/09/15/crop-12_7_525x951__86171760_32bd671e-b777-4a07-b025-378521c7cfb9.jpeg

"Солтүстік Корея белгісіз снарядты Жапон теңізіне қарай атты" деп хабарлады Оңтүстік Корея штаб басшылары. Кейінірек оның баллистикалық зымыран екені анықталды. Одан кейін тағы бір қанатты зымыранның атылғаны хабарланды. 

Жапония да объектінің атылғанын және бұл баллистикалық зымыран болуы мүмкін екенін хабарлады.

Жапония премьер-министрі Йошихидэ Суга ұшыруды аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін айтып, бұл әскери әрекетті "шектен шыққан" деп атады.

BBC ақпаратына сәйкес, зымырандардың нақты қайда бағытталғаны және ұшу қашықтығы белгісіз. Оңтүстік Кореяның штаб басшылары Сеул армиясының "АҚШ-пен тығыз ынтымақтастықта толық дайындық күйін" сақтап отырғанын айтты.

Баллистикалық зымыран сынақтары Пехеньянның ядролық белсенділігін шектеуге бағытталған БҰҰ -ның шешімдеріне қайшы келеді.

Оңтүстік Корея мен Жапония қосымша ақпарат бермеді.

Айта кетейік, Солтүстік Корея Жапонияның көп жеріне соққы бере алатын алғашқы қанатты зымыранын бірнеше күн бұрын сынақтан өткізген болатын.

Сарапшылардың айтуынша, қанатты зымыран ядролық оқтұмсықты алып жүре алуы ықтимал.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар