Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған ұшақ бортында жолаушы есінен танып, қайтыс болды. Бұл туралы Qazaq Air-дың баспасөз қызметі хабарлады.
Ұшу кезінде экипаж мүшелеріне жолаушы өзін нашар сезініп отырғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бортсерік жолаушының жанына келгенде ол ес-түссіз, тыныс ала алмай жатқанын байқаған. Содан жолаушылар арасынан табылған дәрігер жүрек-өкпе реанимациясын жасаған.
Ұшақ Жезқазған қаласында қонуға мәжбүр болған. Әуе диспетчері арқылы жедел жәрдем шақырылғанымен, әйел ұшақта көз жұмған.
Жолаушыға жүрек соғысын қалпына келтіру шаралары жасалды.
Пікір қалдыру