Ақтаулық оқушылар үшін алғашқы қоңырау соғылды

/uploads/thumbnail/20170708194903518_small.jpg

1 қыркүйек күні қала әкімі Серікбай Трұмов №11 мамандандырылған физика – математика мектебінде болып, оқушыларды, ұстаздарды және ата-аналарды «1 қыркүйек – білім күнімен» құттықтады.

Мерекенің басы ҚР Гимнімен ашылып, мектеп директоры білім ордасының жеткен жетістіктері жайында ақпарат беріп өтіп, бүгінгі 1-ші сыныпқа келген оқушыларды және келесі жылы ҰБТ тапсыратын талапкерлерге сәттілік тілеп, биылғы оқу жылымен құттықтады.

Шара барысында қала басшысы Серікбай Трұмов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1-ші сынып оқуышыларына сыйлаған «Менің отаным –Қазақстан» атты кітабын табыстап, мереке соңы оқушылардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Ақтауда биылғы жылы 1-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейін 31985 бала оқитын 25 жалпы білім беретін орта және 2 кешкі мектептерде алғашқы қоңырау соғылды, оның ішінде 4200-ге жуық бала 1-ші сынып оқушылары.  

Білім беру ұйымдарының 2015-2016 оқу жылына дайындығы үшін жергілікті бюджеттен 1 424,7 мың теңге бөлінді. 1-ші сыныпқа келетін оқушыларды мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 23,146 мың теңге және 1-ші сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасы балаларын күніне бір рет тамақпен қамтамасыз ету үшін 324,4 мың теңге қаражат бөлінді. 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар