Демпартия митингі. Бірнеше белсенді ұсталды

/image/2021/09/18/crop-125_3_558x743_1.jpg

Бүгін Алматыдағы Абай ескерткіші маңында тіркелмеген Демократиялық партия жақтастары митинг өткізуге жиналды. Олар жоғары дәрежелі шенділердің мемлекеттік тіл туралы айтқандары мен электрондық үкімет порталын ресейлік платформаға беру бойынша жасалған меморандум ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіріп тұрғанын айтып, билікке наразылықтарын білдірмек болған.

Алайда полиция бірнеше белсендіні  митингтен бұрын ұстап алып кетті. Олардың қатарында Абзал Достияров, Аружан Дүйсебаева секілді белсенділердің бары хабарланды.

Қазір бір топ белсенділер қалалық полиция департаменті алдында қамауға алынғандарды босатуды талап етіп отыр. 
Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz
Фото: qamshy.kz
Арнайы жасақ, Жанболат Мамайды да ұстап алып кетпекші болды, алайда оның жақтастары оны қоршап ұстап қалды. 

Митинг орны ретінде белгіленген алаң қоршауға алынып, интернет бұғатталды.

Алаңға келген ондаған белсенді плакаттары мен рупорын полиция тартып алғанын жеткізіп айқайлап тұрды.

Белсенділер АЭС салу, Қазақстан азаматтарының дерек қорын ресейлік платформаға көшіру, елдегі Қытай нысандары, әлеуметтік желілерді шектеу секілді мәселелерге наразылықтарын білдірді.

Сондай-ақ белсенділер Назарбаев режимінің биліктен кетуін талап етіп, "Назарбаев кетсін" деп ұрандатты.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар