"Назарбаев кет", "Арон Атабекке бостандық". Митинг қатысушылары қалада шеру жасады

/image/2021/09/18/crop-40_6_1159x1546_094143194800.jpg

Алматыдағы Абай алаңына митингке шыққан Демократиялық партия бастамашыл тобының өкілдері полиция ұстап әкеткен жақтастарын қолдау мақсатында шеру ұйымдастырды.

Олар Достық даңғылымен Алматы қаласы полиция департаментіне қарай "Назарбаев кет" "Арон Атабекке бостандық" "Қазақ тілі жасасын" деп ұрандатып жүріп өтті.

Шеру барысында белсенділермен бірге, полиция өкілдері және бірнеше көлік пен автобус еріп жүрді. Бірақ оларға кедергі жасамады. 

– Полиция шағын топқа шерулетіп жүруіне мүмкіндік беру арқылы "міне, билік бұларды ұстамайды, өз адамдары" деп айтқызу үшін осылай жасап жатыр, бұл үкіметтің қитұрқы әрекеті, – деді  бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар