Университетте студенттерге оқ жаудырған азаматтың кім екені анықталды

/image/2021/09/20/crop-24_21_677x1204_photo_2021-09-20_11-13-09.jpg

Пермь университетінде оқ жаудырған азамат 1-ші курс студенті болып шықты. Бұл туралы РФ Тергеу комитеті хабарлады.

Пермьдегі университетте оқ жаудырған Тимур Бекмансуров бірінші курста оқыған. Ол құқық қорғау органдарына қарсылық танытып, қарумен оқ атуын тоқтатпағаннан кейін өзі жарақаттанып қолға түскен.

"Ұсталу кезінде ол қарсылық танытқандықтан жарақаттанды", – деп хабарлады РФ тергеу комитеті.

Тергеу комитетінің хабарлауынша, оқиға салдарынан 8 адам көз жұмды. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы 14 адамның жарақаттанғанын хабарлады.

Бұған дейін Ресейдің Пермь мемлекеттік университеті корпустарының бірінде белгісіз біреу оқ жаудырып, 8 адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар