Денсаулық сақтау министрлігі 21 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2093 адамнан коронавирус, 18 адамнан пневмония анықталған.
19 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 47, пневмониядан 11 адам көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 864 955-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 74 110.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 334 870 адам, 2-компонентін 6 201 253 адам салдырған.
21 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 68 803 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 12 381 пациент стационарда, 56 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
987 адамның жағдайы ауыр, 261 пациенттің жағдайы өте ауыр, 143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
"Жасыл" аймақта - Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
Пікір қалдыру