Польша Беларусь шекарасына әскер жіберді. Қосымша тағы арнаулы әскерилер жіберілетіні хабарланды

/image/2021/09/21/crop-45_30_1994x2919_52394.jpeg

Польша Беларусь шекарасына әскерлер жіберді. Шекараға қосымша әскерилер мен арнайы техника да жіберілетіні хабарланды.

Польша мен Белорусь шекарасындағы аймақта төрт адамның мүрдесі табылып, мұны Поляк шенеуніктері "ұйымдастырылған шабуыл" деп атады. Қаза тапқандар Польша аумағына жетуге тырысқан босқындар деп саналуда.

Варшава шекаралас аймақтағы мигранттарды бақылау үшін  қосымша 500 арнайы автокөлік жіберді. Польша бұл жағдай туралы " Беларусь пен Ресей елдері ЕО мен оған мүше 27 мемлекеттің жағдайын тұрақсыздандыру үшін осындай әрекеттер жасап отыр" дейді.

"Біз Минск пен Мәскеуден ұйымдастырылған әрекеттерді көріп отырмыз" деді Польша премьер-министрі Матеуш Моравиецки  журналистерге.

Моравиецки ішкі істер министрі Мариуш Каминскимен және шекара әскерлерінің басшысымен кездесуден кейін "Біз Польша шекарасын  табандылықпен қорғаймыз" деді.

Камински өзінің твиттерінде "Біз кез келген сценарийге дайын болуымыз керек, сондықтан біз шекараны қорғауды одан әрі күшейтеміз" деп жазды.

Ол қосымша әскерлер мен сегіз арнайы техника осы аптада шекараға жіберілетінін мәлімдеді.

Жексенбі күні поляк шенеуніктері Ирак азаматтары деп болжанған үш ер адамның мәйіті Польша шекарасынан табылғанын, ал Беларусь билігі шекарадан бір метр қашықтықта ирактық әйел табылғанын хабарлаған болатын.

Польша мен Литва шекарадағы оқиғалар "Беларусь президенті Александр Лукашенко режимінің ЕО-ны тұрақсыздандыруға бағытталған шабуылының бір бөлігі" дейді.

Батыс Беларусьтің әрекетін Минскіге салынған санкциялар үшін кек алу деп санайды.

Батыс елдерінің санкциялары Лукашенконың 30 жылға жуық билік құруына және саяси оппозицияны қыспаққа ала бергеніне жауап ретінде салынған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар