"Той жасауға рұқсат етілді". Қазақстанда карантин жеңілдейді

/image/2021/09/21/crop-11_7_436x581_photo_87190.jpeg

Қазақстанда карантин шаралары жеңілдейді. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. 

Осыған байланысты ВАК бірқатар шешімдер қабылдады:

  • 27 қыркүйектен бастап "Ashyq" бойынша "қауіпсіз" мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі:
  • 16 елмен әуе қатынасы жаңартылады және ұлғаяды; (Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдивы, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзірбайжан).
  • Жұма намазы мешіт ішінде оқылады.
  • Қолайлы эпидемиологиялық ахуалы және халықты вакцинациялаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режим қайта басталады; (Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия).
  • Қазақстанда салтанатты, есте қаларлық және отбасылық іс -шаралар өткізуге рұқсат етіледі.

Арнайы, мерекелік және отбасылық іс -шараларды өткізудегі талаптар:

  • "қызыл" аймақтағы өңірлер үшін – 50 пайызға дейін, 50 орыннан аспау қажет;
  • "сары" аймақта өңірлер үшін – толу деңгейі 50 пайызға дейін, бірақ 70 орыннан аспауы тиіс;
  • "жасыл" аймақта өңірлер үшін – 50 пайызға дейін, 100 орыннан аспайды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60 пайызға төмендегенін айтты.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов вакцинацияға қолжетімділікті арттыру мақсатында әкімдіктерге әуежайларда, теміржол вокзалдарында, ірі базарлар мен сауда орындарында талаптарға сәйкес келетін пункттер ұйымдастыруды тапсырды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар