Ким Чен Ынның қарындасы: Екі Корея бітімгершілікке келуі керек

/image/2021/09/24/crop-8_8_528x959__120676003_gettyimages-916165588.jpeg

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның ықпалды қарындасы Ким Ё Чжон Екі Корея бітімгершілікке келуі керек екенін мәлімдеді. 

Ким Ё Чжон егер Оңтүстік Корея "дұшпандық саясатын" тоқтатса, олар Сеулмен келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін айтады.

Түбекті екіге бөлген жанжал 1953 жылы бейбіт бітімгершілік келісімімен емес, соғысты тоқтату бітімімен аяқталды.

Екі ел техникалық тұрғыда соғысып келеді және кейде шиеленісті қарым -қатынаста болды.

Осы аптада Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин екі Кореяны  ресми түрде қақтығысты тоқтатып, түбекте бейбітшілік орнатуға шақырды. Президент екі жақтың одақтастары, оңтүстікті қолдайтын АҚШ пен солтүстіктің ең ірі экономикалық серіктесі Қытай да соғысты аяқтау керек екенін айтты.

Бастапқыда бұл идеяны Солтүстік Кореяның жетекші министрі "мерзімінен бұрын айтылған" деп қабылдамады.

Бірақ жұма күні мемлекеттік БАҚ арқылы жарияланған күтпеген мәлімдемеде Ким ханым бұл идеяның "үміттенерлік және таңданарлық" екенін айтты.

Сонымен қатар, ол оңтүстік оларға қарсы "дұшпандық саясатты" тоқтатса, "Солтүстік ұсынысты талқылауға дайын болады" деп қосты.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар