Алдын ала нәтижелер бойынша Германияның солшыл социал-демократтары елдегі федералды сайлауда канцлер Ангела Меркельдің партиясынан басым түсіп, жеңіп келе жатыр.
Социал-демократтар 25,7% дауыс жинады, ал Меркельдің консервативті партия блогы (Христиан-демократиялық одағы және христиан-әлеуметтік одағы) 24,1% дауысқа ие болды.
Ал, "Жасылдар" партиясы өз тарихындағы ең жақсы нәтижеге қол жеткізіп, 14,8% дауыспен үшінші орынға шықты.
Енді үкімет жасақтау үшін коалиция құру керек.
Социал-демократтар көшбасшысы Олаф Шольц бұған дейін өз партиясының елді басқаруға айқын мандаты бар екенін айтқан.
Қазіргі канцлер коалиция құрылмайынша ешқайда кетпейді. Ал, коалиция Рождествоға тура келуі мүмкін.
Пікір қалдыру