Алматыдағы атыс: 5 адам қаза болған үй кімге берілетіні анықталды

/image/2021/09/29/crop-0_42_416x740_552aaf5b559852e30edf8ccf8379e97f.jpeg

20 қыркүйек күні алматылық Игорь Дужнов бес адамды атып өлтіруіне себеп болған үй кімге берілетіні белгілі болды. Бұл туралы "Студия 7" жобасы  хабарлады.

Сот орындаушыларының айтуынша, осы үйден адамдарды шығару туралы шешім күшін әлі ешкім жойған жоқ. Сондықтан бұл құжат әлі де орындалуда. 20 қыркүйекте болған қайғылы жағдайға байланысты көшіру ісі басқа сот орындаушысына берілген.

– Бұл сот орындаушысы бәрін толықтай жаңғыртып, процедура одан әрі жалғасатын болады. Яғни орындау рәсімі одан әрі жүргізіледі. Бірақ бұл жерде біз құқықтық мирасқордың келуін күтеміз, яғни қайтыс болған адамның жақын туыстарына беріледі, – деді Алматының жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Руслан Исаев.

Басылым мәліметінше, тұтқындалған Игорь Дужновтың отбасы атыс болған үйде тұрады. Хабарламада айтылғандай, қыстың жақындағанына байланысты үйден шығару уақыты кейінге қалдырылған. Адамдарды үйден жылдың суық мезгілінде шығару заңға қайшы.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар