Илон Маск Қытайдағы проблеманың әлемге ықпал ететініне алаңдаулы екенін айтты

/image/2021/09/29/crop-7_2_336x573_elon-musk-china-power-shortages-global-supply-chains-tesla-1498031.jpeg

Tesla және SpaceX компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск Қытайдағы электр энергиясының жетіспеушілігі жаһандық хаос тудыруы мүмкін екенін ескертті. Ол
Қытайдың күшейіп келе жатқан энергетика дағдарысына алаңдаушылық білдірді.

Сарапшылар "энергияның жетіспеуі жаһандық жеткізілім тізбегінің тұрақтылығына қауіп төндіреді" деп ескертеді.

Қытай қазір көмір бағасының өсуіне байланысты энергетикалық дағдарыстың бел ортасында тұр. Елде парниктік шығарындыларға бақылаудың күшеюі және провинцияларда энергияны дұрыс пайдаланбау хаосты одан әрі күшейтіп, үйлер, кәсіпорындар мен зауыттар жарықсыз қалды.

Технологиялық империясы Қытайдағы өндірушілердің үздіксіз жұмысына сүйенетін Илон Маск энергетикалық дағдарыстың әсерін сезіп үлгерген.

Электр қуатының тоқтауы миллиардердің электромобильдер шығаратын Tesla компаниясына қатысты бірқатар зауыттардағы өндірісті тоқтатты.

Цзянсу провинциясының Куншань қаласындағы "Eson Precision Engineering" компаниясы өндірістік желіні уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

Кейбір сарапшылар "алда ауыр қаржылық апат күтіп тұр" деп алаңдаулы. Мамандар Қытайдың экономикалық өсуінің тоқтап қалуы салдарынан қаржылық құлдырау болуы ықтимал деп болжайды.

Мысалы, "Nomura" тобы өзінің өсу болжамдарын 8,2 пайыздан 7,7 пайызға дейін қысқартты.

Бұның ықпалы Қытайдың өзіне ғана емес, Tesla мен Apple сияқты технологиялық алпауыттарға тиеді деп күтілуде.

Илон Маск твиттерде "Бұл өте маңызды проблема" деп жазды.

Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян, Цзилинь және Ляонин провинцияларында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары электр энергиясының "күтпеген және бұрын-соңды болмаған" үзілісі болғанын хабарлаған.

Қытайдың мемлекеттік "Global Times" газетінің жазуынша, бұл үзілістер "адамдардың күнделікті өмірі мен кәсіпкерлік операциялардың ауқымды бұзылуына әкелді".

Қытай шенеуніктері өндірушілер мен фабрикаларды электр энергиясын тұтынуды шектеуге шақырды.

Ляонин провинциясының орталығы Шэньянда хаос орнап, электр энергиясының кенеттен тоқтауы бағдаршамның істен шығуына әкеліп соқты.

Ал, "Goldman Sachs" сияқты АҚШ қаржылық алпауыттары Қытай туралы өсу болжамдарын өзгертті.

"Goldman Sachs" сарапшылары Қытайдың өнеркәсіптік қызметінде 44 пайызға дейін хаос болды деп есептейді.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар