Солтүстік Корея мемлекеттік ақпарат құралдары елдің лидері Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон елдің шешім қабылдаушысының бірі болып тағайындалғанын хабарлады.
Солтүстік Кореяның мемлекеттік "KCNA" ақпарат агенттігінде жарияланған хабарлама бойынша Ким Ё Чжон қазір елдің басқарушы органы Мемлекеттік істер жөніндегі комиссияның мүшесі болып саналады.
Ким Ё Чжон елдің ең маңызды саяси қайраткерлерінің бірі және ағасының негізгі кеңесшісі.
Ким Ё Чжонның шешімдер қабылдаушы негізгі комитетке көтерілуі оның Солтүстік Корея басшылығындағы рөлін ресми түрде дәлелдеген сияқты.
Ол ағасының ең сенімді және адал адамдарының бірі болып саналады. Өткен жылы Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі оны "іс жүзінде екінші орында" деп бағалады, бірақ оның ресми мәртебесі әрқашан түсініксіз болып келген болатын.
Пікір қалдыру