Режиссер, мобилограф және видеограф Қыран Талапбек бизнесмен, баспагер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатта мобилография саласы туралы, бұл сала арқылы қанша ақша табуға болатынын айтты.
Ол бүгінде Қазақстанда, тіпті әлемде мобилография саласында мамандар жетіспеушілігі қатты сезілетінін айтады. Сөзінше, мұндай тенденция 2 жылға жалғасуы мүмкін.
Мобилография курстарын сатқан ол осыған дейін 35 мың адамды оқытқанын, әр курсы 15 мың мен 35 мың теңге аралығында тұрғанын жеткізді. Айтуынша, бүгінде шәкірттерінің арасында айына 2 жарым миллион теңге табатындар да бар. Орташа есеппен Қазақстанда білікті мобилографқа 500 мың теңге табу қиын емес.
Режиссер сондай-ақ әлеуметтік желіде өздігінен таралатын, танымал видео түсіру құны 2 жарым миллион теңгеден басталатынын айтты.
– Біз бастапқыда видеоны таратуға көмектесеміз. Алайда негізінен адамдар өзі бөлісетіндей керемет етіп жасауға тырысамыз. Сондықтан оның таралуына әсер етуші нәрселерге аса мән береміз. осындай видеоларға тапсырыс 2 жарым миллион теңгеден басталады, – дейді ол.
Пікір қалдыру