Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайында тексеріс жұмыстары күшейтіледі

/image/2021/10/01/crop-18_11_840x1120_1118.jpg

1 қазаннан бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әуежайында жолаушыларды тексеру күшейтіледі. 

"Қазақстан авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі туралы радио хабарламасы негізінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жолаушыларды тексеру күшейтілгені туралы хабарлайды. Осыған байланысты, халықаралық ұшулар терминалында 1-14 қазан аралығында әуе айлағының аумағына тыйым салынған заттардың әкелінуін болдырмау үшін бірінші тексеру желісі қойылды Авиациялық қауіпсіздік шараларының күшеюіне орай жолаушылардан әуежайға алдын ала келулерін сұраймыз" делінген хабарламада.

Алматы әуежайында да осындай шара іске асырылуда. Жедел-алдын алуды жүзеге асыруға байланысты терминалға кіреберісте қосымша тексеріс жүргізіледі.

Мұндай тексерістің жүзезеге асырылу себебі әзірге хабарланбады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар