Facebook, WhatsApp және Instagram әлеуметтік желілері алты сағатқа созылған үзілістен кейін қайта қосылды.
Facebook компаниясы мұның себебін конфигурациялық ақау болғанымен байланыстырды.
Барлық үш медиа қызмет Facebook-ке тиесілі. Алты сағат бойы оларды желіде немесе смартфон қосымшаларында пайдалану мүмкін болмады.
Ақауды бақылайтын технологиялық ұйымдар компанияда бүкіл әлем бойынша 10,6 миллион проблема туғанын хабарлады. Бұл бұрын-соңды болмаған ең үлкен сәтсіздік екені айтылды.
Facebook сейсенбіде жасаған мәлімдемесінде "конфигурациялық ақау компанияның ішкі құралдары мен жүйелеріне әсер етті, бұл – мәселені шешу әрекеттерін қиындатты" деп хабарлады.
Бұған дейін Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг желілердің істен шыққанынан зардап шеккендерден кешірім сұраған болатын.
"Facebook, Instagram, WhatsApp және Messenger енді желіге қайта қосылады. Бүгінгі істен шыққаны үшін кешіріңіздер. Мен сіздердің жақын адамдарыңызбен байланыста болу үшін біздің қызметтерге қаншалықты сенетіндеріңізді білемін" деп жазды Марк Цукерберг Facebook парақшасында.
Пікір қалдыру