Қазгидромет 6-7 қазан күндері Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына арналған ауа райы болжамын хабарлады.
6 қазанда елордада көшпелі бұлт шығып, түнде қар жауып, тұман түседі. Солтүстіктен секундына 9-14 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2-4 градус жылы болады.
7 қазанда көшпелі бұлт шығады, бірақ күн жауын-шашынсыз болады. Батыстан жылдамдығы секундына 5-10 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градусқа дейін төмендеп, күндіз 4-6 градус жылы болады.
Алматыда 6 қазанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын жауады. Түнде қатты жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 5-10 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 4-6 градус жылы болады.
7 қазан бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Жел секундына 2-7 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус суық, күндіз 2-4 градус жылы болады
Шымкентте 6-7 қазанда көшпелі бұлт шыққанымен, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 12-14 жылы болады.
Пікір қалдыру