Илон Маск жеке байлығы бойынша әлемдегі ең бай адамдардан қара үзіп бара жатыр. "Bloomberg Billionaires Index" мәліметтері бойынша, Масктың жеке байлығы 223 миллиард долларға жеткен. Бұл кезінде осы тізімді жылдар бойы бастап келген Билл Гейтс дәулетінен екі есеге артық.
Масктың SpaceX компаниясы инвесторлармен жасаған келісімінен кейін компания құны 100 миллиард доллардан асқан болатын. SpaceX аэроғарыштық компаниясы 2002 жылы құрылған. Ол Ай мен Марста Жерге тәуелсіз қала салу, сонда колония құруды мақсат етеді. Сонымен қатар жер ғаламшарының кез келген нүктесіне жоғары жылдамдықты интернет тарататын "Starlink" жобасын жүзеге асыруда.
Компанияның тағы бір мақсаты – Жердің ең алыс нүктесіне 50 минут ішінде баратын, билет бағасы қолжетімді жолаушылар жұлдызкемесін жасау. Масктың айтуынша, жақында Жұлдызкеме Жер орбитасында алғаш рет сыналады.
"Bloomberg" ақпараты бойынша, "Amazon" компаниясының бас атқарушы директоры Джефф Безос 191,6 миллиард доллармен миллиардерлер инексіндегі жаһандық рейтингте 2-орында.
Әлем елдерінің орталық банктері экономикаға ликвидация жасағандықтан, миллиардерлердің байлығы тез өсе бастады. Алайда миллиондаған адамдар экономикалық тұрақсыздық жағдайында жұмыссыз қалды. "Bloomberg" индексі бойынша, әлемдегі 500 ең бай адам осы жылдың өзінде дәулеттеріне 742 миллиард доллар қосқан.
Миллиардерлер индексіндегі екінші орында тұрған Безостың мал-мүлікінде 2021 жылы шамалы ғана өзгеріс болды, өйткені "Amazon" акциялары пандемия кезінде бір қалыпты болды. Ал Билл Гейтс активінің біраз бөлігі оның бұрынғы әйелі Мелинда Франц Гейтске берілгеннен кейін миллиардердің байлығы азайды. Ал Марк Цукерберг дәулетінің таза құны да төмендеді. Осы аптаның басында Facebook компаниясына қатысты жалған ақпараттар туралы даудан кейін және бірнеше сағатқа созылған әлеуметтік желінің істен шығуы Цукербергтің дәулетін 6 миллиард долларға төмендетті.
Пікір қалдыру