«Түзеу мекемелеріндегі қызметкерлерінің діни біліктілігін арттыру» тақырыбында семинар өтті

/image/2021/10/12/crop-50_8_532x710_14.jpg

Шымкент қалалық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Халықтар достығы» университетінің мәжіліс залында «Түзеу мекемелеріндегі қызметкерлерінің діни біліктілігін арттыру» тақырыбында семинар өтті.

Оған дін істері басқармасының өкілдері, түзеу мекемесінің қызметкерлері, теологтар, республикалық және жергілікті ақпараттық насихат тобының мүшелері қатысты.

Дін істері басқармасының бөлім басшысы Бахыт Төлемісовтің айтуынша, семинардың басты мақсаты діни кереғар ағымның жетегіне ілескен жазасын түзеу мекемесінде өтеп жатқан азаматтардың діни көзқарасын, ұстанымын өзгерту, зайырлы қоғамға қайта оралуына ықпал жасау үшін түзеу мекемесіндегі қызметкерлерді діни білім тұрғысынан қаруландыру. ИЧ 167/11 тергеу изоляторы жедел бөлімінің жедел уәкілі әділет аға лейтенанты Хамит Ескендіровтің мәлімдеуінше, қалада 23 азамат діни теріс ағымға еріп, қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіргені үшін оқшаулау камераларында жазасын өтеп жатыр.

Олардың барлығы да ҚР Қылмыстық кодексінің 174-256 баптары бойынша экстремизм, терроризм іс-әрекеттеріне барды деген күдікпен сот үкімімен айыпты деп танылып, түрмеге қамалғандар. ҚР Қылмыстық кодексінің 174 бабы ұлтаралық, дінаралық алауыздықты қоздыру бойынша айып тағуды көздесе, 256 бапта әлеуметтік желілерде діни теріс ағымдарды насихаттағаны үшін жаза тағайындалады.

Семинарды елімізге белгілі теолог, Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері Дастан Желеуов пен Нұрсұлтан Мамедалиев жүргізіп отырды. Жиын соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар