Индустриалдық аймақтар кәсіпорын ашуға оңтайлы

/image/2021/10/12/crop-215_32_634x845_17.jpg

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағы – республикада алғашқылардың бірі болып ашылған экономикалық әлеуетті көтеретін аймақтардың бірінен саналады. Мұнда сұранысқа ие тауарлар өндіретін бәсекеге қабілетті кәсіпорындармен топтасқан. Олардың арасында әсіресе, құрылыс материалдарын, өндірістік электр құралдарын, мотор майын және өзге де тауарлар өндіретін заманауи кәсіпорындар бар.

Мысалы, машина жасау саласында трансформаторлар өндіретін «Asia Trafo» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа зауыты іске қосылғанына үш жыл енді толса да өніміне деген сұраныс артып келеді. Зауыт Швейцария мен Германияның озық еуропалық заманауи технологиялық жабдықтарын алдырған. Өндірісті басқару жүйесі толығымен автоматтандырылған. Компанияның өнімдері барлық еуропалық стандарттарға сәйкес келеді. Өндірілген өнімдердің 60 пайызы ішкі, ал, 40 пайызы сыртқы нарыққа жол тартуда.

Айта кету керек, индустриалды аймақтар – Шымкент өнеркәсібінің тірегі саналады. Мысалы, 2010 жылы бұрынғы фосфор зауытының аумағынанан салынған аймаққа көлік және инжинерлік инфрақұрылым желілерін жүргізуге бюджеттен 6 миллиард 800 миллион теңге қаржы жұмсалған болатын.
– Бұл қаржы өзін ақтады. 337 гектар аумақта жаңа өндіріс орындарын ашуға мүмкіндік алдық. Мұндай индустриалды аймақтың артықшылығы кәсіпорын ашуды жоспарлаған инвестор тек жер телімін ғана тегін алып қоймай, сонымен қатар ол өз кәсіпорнына электр қуаты, газ, су, жол мен темір жол тұйығын жеткізу мәселесіне де бас қатырмайды. Осындай инфрақұрылымының барлығы әзірленген жер телімін алып, сол жерге өз зауытын сала беруіне мүмкіндік жасалды, - дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар