«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов партия жанындағы Фрон-офистің ашылу жиынына қатысты.
Қала әкіміне кеңсенің атқаратын қызметі және қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева таныстырды.
Аталған фронт-офистің негізгі мақсаты – қала тұрғындарына онлайн түрде қызмет көрсету, азаматтардың өтінішін қарау, тіркеу және өңдеу болып табылады. Қоғамдық қабылдау қызметкерлерімен қоса аудандық филиал қызметкерлері фронт-офистің коңырауларын қабылдап, өтініштерді тиісті мемлекеттік мекемелерге жолдау арқылы шұғыл жауап беруді ұйымдастырады.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштеріне әр сала маманы, мәселен: құқық қорғау органдарының қызметкерлері, прокуратура, полиция департаменті, әділет департаменті, адвокаттар алқасы, медиатор орталығы және жергілікті атқарушы орган мамандары тиісті сұрақтарға жауап береді.
Жиында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов фронт-офисті ашып, сайлауалды бағдарласы бойынша бекітілген Жол картасына сәйкес 9 айлық атқарылған іс-шаралардың орындалуын баяндады.
– Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында жол картасы бекітілген болатын. Сайлауалды бағдарламамыз – елімізді таяудағы бес жылда жаңа даму бағытына түсіретін нақты жол картасы. Онда республика бойынша әр өңір, қала және ауданда атқарылатын жұмыстар нақтыланған. Осы орайда біз, Шымкент қаласында сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша 149 іс-шара белгіленіп, оған жауапты басқарма басшылары мен қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері бекітілген. Жұмыстардың жүйелі әрі сапалы орындалуы үнемі партия назарында, – деді қала әкімі.
Пікір қалдыру