Шымкентте қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

/image/2021/10/18/crop-67_5_1027x1369_mycollages-41.jpg

Шымкент қаласы Рысқұлов көшесі бойындағы қоқыс салатын жәшіктен жаңа туған сәби денесі табылды. Мәйітті таңғы сағат 7 шамасында қоқыс тасушылар көрген, деп хабарлады otyrar.kz сайты. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"18 қазан күні сағат таңғы 7 шамасында "ЛТД-Тұрмыс" ЖШС қызметкерлері күн сайынғы тазалық жұмыстары кезінде қоқыс контейнерінде жатқан пакеттің ішінен нәрестенің мәйітін тауып алған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша соталды тергеу басталды" делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

Полиция департаменті өкілдері қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында жарияланбайтынын айтты. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар