Меккеде отандасымыз қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170708195103716_small.jpg

Меккеде қажылық кезінде қазақстандық Нұрсұлтан Алпысбаев қайтыс болды. Бұл туралы «Қамшы» порталы  Tengrinews.kz –ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 Ер адам жүрек талмасынан 25 қыркүйекте көз жұмған, алайда бұл туралы бүгін ғана белгілі болды.

Алпысбаевтың Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің қызметкері екені анықталып отыр. "Иә, ол Меккеде қаза тапты, бірақ оның қайтыс болу себебі бізге белгісіз. Алпысбаев 1951 жылғы, біздің оқу орнымызда 1980 жылдан бері қызмет еткен. Оның соңғы қызметі: әлеуметтік ғылым факультетінің денешынықтыру кафедрасының аға оқытушысы. Біз олардың туыстарына көңіл айтамыз", - деді университеттің баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін Меккеге жақын жердегі ауруханада 24- қыркүйекте Қазақстанның азаматшасы көз жұмды, ол 78 жастағы зейнеткер болатын.
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар