Сарапшылардың зерттеуінше, елдегі басшылардың орташа жалақысы 518 мың теңге. Ал қазақстандық шенеуніктердің ең төмен жалақысы 200 мың теңгеден төмен емес.
Аудан әкімдерінің жалақысы 330 мыңнан басталады. Түркістан облысы Төле би ауданының әкімі 330 580 теңге алса, орынбасары 200 мың теңгедей алады.
Ал Атырау облысындағы бірқатар аудан әкімдерінің жалақысы 755 485 теңге.
Қала әкімдері;
Қала әкімдерінің жалақысы болса 380 мың мен 950 мың аралығында. Қала әкімдерінің арасында ең көп жалақыны Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев. Оның бір айлық еңбек ақысы, екі жыл бұрынғы мәлімет бойынша, 950 мың теңге болған. Бұл салықты есептемегенде, Сағынтаев қолына 700 мыңдай алады.
Ал қала әкімдерінің ішінде ең аз жалақы Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевта. Әкімнің бір айлық жалақысы 380 мың теңге.
Облыс әкімдері;
Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары әкімінің жалақысы 766 мың теңге.
Депутаттар
Парламент депутаттарының жалақысы 550 мың мен 800 мың теңге аралығында. Ал екі жыл бұрын, мәжіліс депутаттарының жалақысы 684 874 теңге болған.
Пікір қалдыру