Шымкент қаласы Сәуле шағынауданына су қарашада беріледі

/image/2021/10/22/crop-11_9_700x1244_whatsapp-image-2021-10-14-at-18.28.15.jpeg

Шымкент қаласының «Сәуле шағынауданы 276 орамды инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүруде. Қала әкімі су, электр және газ жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, жұмыстың сапасын бақылады.

Сәуле шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «АГАТ» ЖШС-і тарапынан биыл маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Нысан құрылысы 2021 жылдың қараша айында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз су беріледі.
54,9 шақырым ауыз су құбырының 54,9 шақырымы толық салынған. Қазір абоненттеу, өрт сөндіру гидранттарын және ысырма (задвижка) орнату, ІІ көтеру сорғы стансасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жұмыстың 92 %-ы атқарылды.

Табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша «ХМСУ Шымкент мелиорация» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары биыл қазан айында басталмақ. Нысан 2022 жылға өтпелі.

Электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша «АксемсерСтройСервис» ЖШС-і тарапынан биыл шілде айында құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі. Қазіргі таңда жалпы жұмыстың 56 %-ы атқарылған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар