Алматы облысы Қаскелең қаласында 25 жастағы жігіт үйлену тойы кезінде көліктен аспанға оқ атты, деп хабарлады Zakon.kz сайты.
Оқиға 23 қазан күні кешкі сағат 17:30 шамасында үйлену тойы кезінде болғаны анықталды.
"Іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша полицейлер аспанға оқ атқан адамды анықтады, ол 25 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды" делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бүгінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы, 2-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Мерседес автокөлігі айыппұл тұрағына қойылған.
Қазіргі уақытта автоколоннаның басқа қатысушыларын анықтау шаралары жүргізілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру