Назарбаевтың біріңғай валютаға қатысты ұсынысын әлем қалай қабылдады?

/uploads/thumbnail/20170708195114561_small.jpg

АҚШ-тың  доллары десе, адамзаттың бойына қан жүгіріп ерекше бір күй кешетін болған. Доллар – әлемдік экономиканың күре тамыры. Оның осыншалықты аспандап кеткен абыройын Еуропа төбендеткісі келді. Осылайша өз аймақтарында Евро деп аталатын валютаны айналымға енгізді. Бірақ Евро доллар секілді ықпалды бола алмады. Ол жай  ғана 19 мемлекет пен  320 миллион европалықтардың валютасы болып қала берді. Бұдан әрине Евроны абыройсыз деп айта алмаспыз. Экономикалық тарихы 1999 жылдың  1 қаңтарынан ғана басталған Евроның әлемдік нарықта өз ықпалы бар. Бірақ  16 жылдық тарихы бар Евро мен 18 ғасырдан бергі адамзат тарихына куә болып келе жатқан АҚШ-тың ақшасын салыстыру қисынға келмейді. Әрине АҚШ-тың  Екінші дүние жүзілік соғыста ұстанған саясаты доллардың «әлемдік әмірші» болуына мүмкіндік ашты. БҰҰ-ның   1944  жылғы Бреттон-Вудс қаласында  валюталық қаржыға қатысты  өткізген конференциясы долларға жаңа тыныс сыйлады. Әлемдік валюта жүйесінің әміршісіне айналған доллар ол абыройынан айырылып қалғысы келмейді. Доллар- алтынмен қатар тұра алатын әлемдегі жалғыз ғана валюта. Бірақ, Әлем экономикалық әміршісінен жалықты. Қазақстанның көшбасшысы оны өте жақсы түсінген. Сондықтан   БҰҰ Бас ассамблеясында Қазақ көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік біріңғай валютаны пайдалануды ұсынды. Бұл  ұсыныс әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының  назарына ілікті http://qamshy.kz/home/show/1659. Бірақ АҚШ әлемнің әміршісіне айналған ақшасының  абыройсыздығын қалай ма? Әрине, жоқ! Алдымен Сирия мен Украина жағдайын айтысып, бірақ пікірлерін бір арнаға тоғыстыра алмаған  Обама мен  Путиннің  жағдайынан кейін әлем біріңғай валютаны іліп алып кетіп талқыламады. Қазір батыстық ақпарат көздерінде Обама және Путин деген арнайы айдар ашылған. Екі қошқардың теке-тіресі туралы талқылау әлемдік валютаға қарағанда қызықтырақ.

Осы аптаның  басында  Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов  «The Washington post» басылымына «Мен сіздерге Украина, Қырғызстан және қиыр Шығыстағы мысалдарды келтіре аламын. Демократиялық Ирак қайда?  Сондықтан да, біз мұндай нәтижені қаламаймыз. Назарбаев - осы іспетті сценарийлерді болдырмаудың берік гаранты. Ол – жақсы басшыБіздің жүйеміз патшалық  билікке ұқсауы мүмкін, бірақ біз – бақыттымыз. Біз украиндықтар мен сириялықтардан әлдеқайда бақыттымыз»,- деп сұқбат ерді. Толық нұсқасы: http://qamshy.kz/home/show/1612.  Бұл бір ауыз сөзден көп дүниені аңғаруға болады. Бәлкім, Ақ үй біздің тараптан жасалған әлемдік  ортақ валютаға деген  ұсынысты ақшасының берекесі болмай тұрған ақ аю көршінің көңіліне қарап жасады деп түсінетін шығар. Бірақ, бұл ұсыныс әмірші ақшасы бар әміркендерге жақпай қалғанымен әлем елдерінің көкейіне қонды. Себебі дағдарыс туралы дақпырттың қоңырсыған иісі қайдан шығып отырғанын олар өте жақсы түсініп отыр.

Айнұр Төлеу

«Қамшы» сілтейді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар