Си Цзиньпин Қытайдың БҰҰ-ға мүше болуына 50 жыл толғанда қандай мәлімдеме жасады?

/image/2021/10/25/crop-14_8_532x952__121208331_gettyimages-490418468.jpeg

Қытай төрағасы Си Цзиньпин елдің БҰҰ-ға мүше болғанына 50 жыл толуын атап өтіп, жаһандық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

Қытай БҰҰ-ның негізін қалаушы және мүшесі болған, бірақ Қытайдағы азаматтық соғысқа байланысты АҚШ Бейжіңнің 1971 жылға дейін БҰҰ-ға мүше болуына тыйым салған. Себебі Қытайда бұрынғы үкімет құлап, олар Тайваньға шегінді де, Бейжіңдегі жаңа билікке коммунистер келді.

Си жиында әлемді жаһандық ынтымақтастыққа шақырды.

"Терроризм, климаттың өзгеруі және киберқауіпсіздік сияқты мәселелер көпжақты шешімдерді қажет етеді" деді ол.

Си Тайвань мәселесі туралы айтпады.

Тайваньдағы билік 1971 жылға дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі болған. Бейжің БҰҰ-ға қосылғаннан кейін Тайвань БҰҰ-дағы орнынан айырылды.

Қытай Тайваньды өзінің провинциясы ретінде қарастырса, Тайвань өзін еркін және тәуелсіз ел деп санайды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар