Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Бұл туралы taldykorganec.insta парақшасы мәлім етті.
Әлеуметтік желідегі видеодан әкімшілік кабинетінде шағым айтып тұрған адамға шенеунік өз креслосын нұсқап "Келші, отыршы мына жерге, менің орныма мәселені қалай шешетініңді көрейін" дегені көрінеді.
Тұрғынның бірі оған келісіп, креслоға отыруға тырысады. Алайда осы ретте төбелес басталып кетеді.
Аудан әкімі қызметкерлерінің мәлімдеуінше, оқиға 25 қазанда болған.
"Осыдан бір күн бұрын Қаспан ауылдық округінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмірді тегін жеткізу басталған. Ертесінде ауыл тұрғыны Жанатаева аудандық әкімдігіне барып, әкім орынбасары Нұрлан Әденовтан көмірді жеткізіп беруді талап етеді. Қызметкер тегін отынның тізім бойынша жеткізілетінін түсіндірген.
Бірақ Жанатаева ол жауапқа қанағанттанбай, көмірді тегін жеткізіп беруді талап еткен. Кейін әкімдік ғимаратына Кербұлақ ауданының қоғам белсенділері Е.Сансызбаев пен Б.Бейісбеков келіп, карантиндік шектеуге, күзетке қарамай, ішке кіріп кетеді. Кездесу кезінде Е.Сансызбаев пен аудан әкімінің орынбасары Н.Әденовтың арасында жанжал туындады" делінген әкімдіктің хабарламасында.
Сол күні кешкі сағат 17:00-де Жанатаеваға көмір жеткізілген. Бүгінде Кербұлақ ауданы бойынша этика жөніндегі уәкіл оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс бастады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру