Қалада "Халық қатысатын бюджет" жобасы жалғасуда

/image/2021/10/27/crop-15_18_867x1156_whatsapp-image-2021-10-27-at-15.54.42.jpeg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асыру мақсатында кез-келген қала тұрғыны қала аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады.

2021 жылы аулаларды абаттандыру және заманауи балалар ойын алаңшаларын құру мақсатында қала бюджетінен 2,5 млрд. теңге қаралды. Қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты 184 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен 101 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда.

Бұдан бөлек, бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасау, жастарды спортқа баулу мақсатында ағымдағы жылы 115 спорт алаңшасын салу қолға алынған. Оның ішінде бюджет есебінен 101 спорттық алаңшаға 2 млрд. теңге қаралды, 14 алаңша демеушілердің есебінен салынуда.

Қазіргі таңда Еңбекші ауданында 15 спорттық алаңшаның құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Жыл соңына дейін 115 спорттық алаңша қала тұрғындардың игілігіне тапсырылады.

Пайдалануға тапсырғалы тұрған алаңша тұрғындардың ұсынысымен «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының тапсырысымен іске асырылды.

Сонымен қатар, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында «Build stroy» ЖШС-і демеушілік есебінен көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ауыз су бұрқақтары орнатылды және «Ғажайып бақ» атты тұрғындарға арналып демалыс орны мен бақша құрылды. Бақшаны құрудағы мақсат балаларға гүл, ағаш, басқада көшеттер отырғызып, тәлім-тәрбиелік бағытта еңбекке баулу.

Қала әкімі М.Д.Әйтенов 2022 жылға арналған абаттандыру жұмыстарын түрғындардың ұсынысымен «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында жоспар құруды тапсырды. Қазіргі таңда аудан әкімінің аппараттары тұрғындардан ұсыныстар қабылдап, жұмыс жүргізуде.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар