ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бекітілген жоспарына сәйкес, «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» және жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Анықтама профилактикалық іс-шаралар: Құтыру ірі қара мал – 230 бас, ит – 100 бас, Аусылға ірі қара мал – 6 525 бас, ұсақ мал – 8 875 бас, Сібір жарасы ірі қара – 3 760 бас, ұсақ мал – 7 170 бас, жылқы – 1 220 бас, Бродзот ұсақ мал - 5 120 бас, Құс тұмауы үй құстарына – 17 674 басқа екпе жұмыстары жүргізілді.
Анықтама қан сынамасын алу (диагностикалық) іс-шаралар: Бруцеллез ірі қара мал – 11 070 бас, ұсақ мал – 15 761 бас, жұқпалы эпидидемит – 353 бастан қан сынамалары алынып өңірлік ветеринариялық зертханаға жіберілді.
Бірдейлендіру жұмыстары бойынша: Жыл басынан бері 21 285 бас ІҚМ, 35 959 бас уақ мал, 128 бас шошқа және 1088 бас жылқылардан алынған төлдер бірдейлендірілді.
Қараусыз қалған көше ит-мысықтарын аулап жою жұмыстары бойынша: Тұрғындар тарапынан 54 өтініш түсті. Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау бойынша бекітілген бригадалар жалпы 880 бас қаңғыбас ит-мысықтарды (810 ит, 70 мысық) аулап, Еңбекші ауданында орналасқан Абдулла-Абад тұрғын алабындағы уақытша ұстау орталығына жеткізді.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Пікір қалдыру