Жыл мерекесі басталды! «Жыл отбасы-2015» жобасында үлгілі отбасыларды марапаттауға асығудамыз.
Media Link Agency мен 31 телеарна бірлесе отырып, бірегей тарихы бар отбасыларды іздейді және күллі республикаға жариялайды. Марапаттау рәсіміне қатысушалар — өзгелерге үлгі бола білер жарқын да қызықты жанұялар.
Жобаға қатысушалардың арасында түрлі отбасылар бар. Олар енді шаңырақ құрғандардан бастап, күміс тойын тойлағандар, шығармашылықпен, спортпен, қайырымдылықпен және көркемөнермен қоғамға үлес қосып жатқан жаңа жоба иелері. Олар -қол ұстасып өз ісіне, өз отбасына, бір-біріне деген махаббатты жалау еткен жандар. Олар айналысында болып жатқан жағдайларға немқұрайлы қарай алмайтын, бірегей жандар.
Марапаттау рәсімінің мақсаты - «Жыл отбасын» таңдау ғана емес, олардың жасаған ізгі істері туралы баршаға жария ету. Біздің мақсатымыз — қоғам санасына отбасы құндылықтары және берік жанұя жасауды сіңіру.
Марапаттау рәсімі Bestfamily.kz сайтында. Аталмыш сайттың алаңындада өзіңіз қалаған отбасына дауыс беріп, біздің жаңалықтарымызбен таныса аласыздар.
Өтінімдерді қабылдау басталып кетті! Асығыңыздар! Өзгеге үлгі болар отбасы болсаңыз немесе сондай отбасыларды білсеңіз bestfamily@medialink.kz поштасына өтіш жолдаңыздар.
Пікір қалдыру