Аудандардағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

/image/2021/10/29/crop-103_9_825x1100_064713006400.jpg

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов 2021 жылдың 9 айында атқарылған жүмыстар бойынша есеп берді.

Басқарма басшысының айтуынша, 2021 жылы қалада жалпы 180 нысан немесе 310,3 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған.
Қалада 3 аудан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Абай ауданы бойынша 17 нысан (9,1 шақырым), Еңбекші ауданы бойынша 17 нысан (6,0 шақырым), Қаратау ауданы бойынша 20 нысанның (15,4 шақырым) құрылысы толық орындалды. Қаратау ауданында 3 көшеде кәріз жүйесі жүргізілуіне байланысты қазіргі таңда асфальт салу жұмыстары атқарылуда.

Сондай-ақ, бүгінде 21,9 шақырым магистралды көшелерде, 180,4 шақырым 151 ішкі орам көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Республика даңғылы, Рысқұлов, Иляев, Момышұлы. Тәшенов, Ақназар хан, Клара Цеткин көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары қарқын алған.

Сонымен қатар, 147,6 шақырым топырақ жолға шағал тас төселді№

Шымкент қаласында 147,6 шақырым топырақ жолға шағал тас төсеу жұмыстары аяқталды. 1 желтосқанға дейін тағы 90,0 шақырымға шағал тас төселеді. Жылдық жоспар 237,6 шақырым болып белгігенген болатын.

Атап айтқанда, Абай, Әл-Фараби аудандары бойынша 144 көше (52,7 шақырым), Еңбекші, Қаратау аудандары бойынша 133 көшеде (94,9 шақырым) топырақ жолдарға тас төсеу жұмыстары толық орындалды.

Талдау жұмыстары барысында тағы 90 шақырым топырақ көшелерге тас төсеу қажеттілігі туындады. Қазіргі уақытта Қаратау, Еңбекші аудандарындағы 53 шақырым жолды «Базис К» ЖШС, ал Абай, Әл-Фараби аудандарында 37 шақырым жолды «Ақ Орда» ЖШС мердігерлігімен шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар