Шымкентте екі мәдениет үйі қайта жөнделуде

/image/2021/10/29/crop-82_-4_826x1101_065707903500.jpg

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенова қала әкіміне салада 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндады.

Басқармаға қарасты 20 мекеме бар. Қала әкімінің тапсырмасы негізінде мәдениет саласының 2021-2025 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы әзірленген. Бұл бағыттар жоғары білікті кадрлар даярлауға және дарынды жастарды қолдауға ықпал ететіні көзделген.

Биыл қалада 10 кітапхананы қайта жаңғырту жоспарланып, бүгінге дейін 6 кітапхана қайта жасақталды. Қалған 4 кітапхана Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі.

Шаһардың мәдени нысандарын көбейту мақсатында қаладағы 4 ауданға талдау жасалып, 25 нүктеге мәдени нысан қажеттігі анықталған. Оның 16-сы Community Center болса, 9-ы мәдениет үйі. Нысандарды салу жұмысы келер жылға жоспарланған.

Осы жылы «Шым қала» тарихи-мәдени кешені» құрылған болатын. Музейлендірудің І кезеңі аяқталып, 2 музей, 8 зал, 2 көрме мұнарасы жасақталды. Қазір ІІ кезеңіне сәйкес, тұрғын үй мен зынданда қажетті жұмыстар атқарылуда.

Бүгінде Қызылжар мәдениет үйі мен Ақжар мәдениет үйлері күрделі жөндеу жүргізілуде, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар