Қазақстанның спорт журналисі Евгений Гайдамакин 39 жасындакоронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы әріптесі Айдын Қожахмет өзінің Telegram парақшасында хабарлады.
– Алматыдан қаралы хабар келді. Бұрыннан келе жатқан досым әрі әріптесім Евгений Гайдамакин өмірден өтті, – деп жазды Айдын Қожахмет.
Евгений Гайдамакин "Караван" газеті мен "Біздің спорт" сайтында жұмыс істеген. Спорт журналисті соңғы уақытта YouTube желісіндегі Sports True жобасымен айналысқан.
Әріптесінің қазасы туралы хабарлаған журналист Айдын Қожахмет оның көз жұмуына коронавирус себеп болғанын айтты.
Пікір қалдыру