Жамбыл облысында шекара режимін бұзған 67 өзбек азаматы ұсталды. Бұл туралы "Қамшы" порталы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Тараз шекара отрядының шекарашылары жергілікті көші-қон полициясымен бірлесе отырып «Нелегал-2015» операциясының аясында жүргізген рейдтік шара кезінде Жақсылық елді мекенінде шекара режимін бұзып жүрген Өзбекстан Республикасының 67 азаматын ұстады (бұл мемлекеттік шекарадан 23 шақырым қашықтықта орналасқан).
Аталған азаматтар Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.
Пікір қалдыру