Кеше Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде қазақстандық «Астана» футбол клубымен кездесу өткізген түркиялық «Галатасарай» клубының ойыншысы Лукас Подольский өзінің әлеуметтік желідегі әжуәсы үшін түсінік беріп, қазақстандық команданы мақтаған. Бұл туралы «Қамшы» порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып хабалайды.
Түріктің "Галатасарай" клубының және Германия құрамасының шабуылшысы Лукас Подольски "Астана" командасымен матчтан кейін қарсылас командасын мақтап, десе де командасының тең ойын көрсеткеніне көңілі толмайтынын мәлімдеген.
«Ойын көңілге қонбады, себебі 1:0 есебімен ұтып тұрдық, кейін 2:1 есебімен алда келе жаттық, бірақ бір ғана ұпай алдық. Үш ұпай алғымыз келген. Олар да ұпай алды. Бірақ біз де ұтылған жоқпыз. Олар квалификация арқылы топтық кезеңге өтті. Ал бұл кезеңде барлық команда қауіпті. Олар күресті, жүгірді және жақсы ойнады»,-деді Лукас Подольский.
Сондай-ақ, неміс ұлттық құрамасы мен түркиялық команданың ойыншысы Лукас Подольский Астананың ойыны туралы ағынн жарыла келе, «Астананың" бүгін күрескенін, жүгіргенін Чемпиондар лигасында ұтуға лайық екенін көрсетті»,-деп түйіндеген.
Ал журналистердің, «Сіз допты қабылдағанда барлығының ысқырғанын назарыңыз шалды ма?» деген сұрағына футболшы еш қымсынбастан, «Мен 25 жылдан бері футбол ойнап келемін. Сондықтан мұндай жағдайға мән бермеймін»,-деп жауап қатқан.
Әлемдік деңгейдегі футбол жұлдызы өзінің Борат туралы келемежіне қатысты «Әзіл туралы! Мен мұнда бірінші рет келіп тұрған жоқпын ғой. Мен Германия құрамасымен осында келгенмін. Сондықтан бұл жаққа келуде ешқандай қиыншылықтар жоқ», депті тағы.
Өкінішті. Әлем спортшыларының сайқымазақ Сашаның (Борат кейіпкерін) Қазақстанды келемеждеу үшін әлеуметтік желілерді пайдалануы қалыпты жағдайға айналып кеткендей. Ашықтан- ашық намысымызды аяққа таптап, мемлекетімізді мазаққа айналдырып жатса да, біздің құзырлы органдағылар ләм-мим деп жақ ашпауы- күдік тудыратыны жасырын емес.
түркиялық «Галатасарай» футбол клубының ойыншысы, шыққан тегі неміс Лукаш Подольский өзінің Твиттеріне Бораттың суретін жүктеп әзілдеген болатын. Әзілінің арты халықаралық жанжалға ушығып кете жаздаған неміс футболшысы дереу кешірім сұраған еді.
Ал «Галатасарай» футболшысының бұл құрметсіздігіне қазақстандық жанкүйерлер, қызанақ лақтыру керек деген шешімге келген болатын. Дегенмен, кездесу кезінде алаңға шыққан футболшыға жанкүйерлер наразылық ысқырығын көрсетті.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алғашқы кездесуін өткізген қазақстандық «Астана» командасы мен түркиялық «Галатасарай» арасындағы матч 2:2 есебімен тең аяқталған. Ал осы ойында Подольский антиқаһарман атанған. Осының алдында «Бенфикамен» кездесуінде қазақстандық команда 2:0 есебімен есе жіберген болса, келесі кездесу 21-қазанда Мадрид қаласында өтеді. «Астана» клубының ендігі қарсыласы «Атлетико» командасы болмақ.
Нұрзат Тоғжан
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру