Биыл «Бозарық» шағын ауданындағы бастауыш сыныбының бүлдіршіндеріне есік ашқан «Маржан» мектебі білім беру ісінде сапаға көңіл бөліп отыр.
Мектепте Білім және ғылым министрлігі бекіткен білім стандарты негізінде ақысыз білім берілуде. Ата-аналардың сұранымы бойынша ұзартылған күн тобы мен үйірмелер, үш мезгіл тамақ және тасымал қызметі ақылы жүргізіледі.
Бүгінде 150 орынға шақталған мектепте 7 сыныпқа бөлініп, 137 бала білім алуда. Бүлдіршіндерге 17 мұғалім негізгі пәндер мен ұзартылған күн тобында білім береді.
Мектеп соңғы үлгідегі оқу базасымен жабдықталып, арнайы медициналық қызмет көрсететін кабинеті де жасақталған. Орнатылған бейнебақылау жүйелері балғындардың қауіпсіздігін көздейді.
Шығармашылық топтар мен үйірмелер жұмыс да жолға қойылған. Оқушылар сабақтан кейін қолөнер мен вокал үйірмесіне қатысуға және еркін күрес пен шахматтан өзін шыңдауға мүмкіндік бар.
Қала басшылығы тарапынан білім саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Зияткер ұрпақ тәрбиелеу міндеті қаламызды әрі қарай өркендетудің басымдығы ретінде айқындалды. «Маржан» сынды жаңа мазмұндағы білім ошақтары Шымкенттің ғылым мен білім орталығы ретінде танытуға қызмет етеді деген сенімдеміз.
Пікір қалдыру