Жұмысшы топ жобалардың орындалуын бақылады

/image/2021/11/01/crop-59_55_442x442_112708186000.jpg

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов, қалалық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Л.Сулайманов, Б.Қыдырбаев, М.Жолдыходжаевтармен бірге «Қытай-Қазақстан» марганец кәсіпорнының жұмысымен танысты. Мақсат айқын – партияның Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылау.

Бүгінде аталған өнеркәсіп орнында жоспарланған жұмыстың 80 пайызы аяқталған. Іске қосылса 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жылына 50 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы бұл жобаның құны 2,8 млрд. теңгені құрайды.

Одан өзге қытайлық инвесторлардың қатысуымен жүзеге асып жатқан «Амир-А» (Sin Yuan Steel) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аясында 250 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Бұл жобаның құны 18 млрд. теңге болады.

Сонымен қатар жұмысшы топ «DENTAFILL KAZAKHSTAN» ЖШС өндіріс орнында да болды. Жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын бұл жоба іске қосылса 90 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар